Шымкентте Бадам өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды. Экобелсенділер қураған ағаш бұталарын қырқып, сарғайған шөпті орды. Орындықтар мен қоршауларын сырлады. Жалпы «Таза Қазақстан» науқаны басталғалы қаладан 20 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылған.
Ердәулет Жүнісбек, «AMANAT» партиясы Әл-фараби аудандық филиалының атқарушы хатшысы:-Қаламызда 5 аудан болғандықтан рет-ретімен кезегімен өтеді. Бүгін Әл-Фараби ауданының кезегі. Сол себепті ең қоқыс көптеу деген аймақты таңдап отырмыз. Осы акцияның нәтижесінде тұрғындарға да ой саламыз деген үміттеміз. Олар да келесі акцияларда бізбен бірге шығады деген ойдамыз.