«Таза Қазақстан» Road-эстафетасы Шымкент пен Түркістан облысына жетті

  • 36
  • 03.10.2025, 19:45

Алматы облысынан басталған «Таза Қазақстан» Road-эстафетасы Шымкент қаласы мен Түркістан облысына жетті. Экобелсенділер халықаралық маңызы бар автожол бойын қоқыстан тазартып, табиғатты аялауға шақырды. Керуенге ауыл-аймақтың белсенді тұрғындары да қосылды. AMANAT партиясының бастамасымен «Чемпиондық рух» жобасы ұйымдастырылып, «Тазалық – саулық негізі, мәдениет өлшемі» деген ұран дәріптелді. Жалпыхалықтық акцияға 4 мыңға жуық адам атсалысты. Олар Біржан Жақыпов, Арман Оспанов және Нұрғиса Әділетұлы сияқты әлемдік жарыстың жеңімпаздарымен бірге дене шынықтыру жаттығуларын жасап, салауатты өмір салтын осылайша насихаттады.