05:30Әрі қарай: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Қанат Базылхан

Қанат Базылхан

Редактор

 

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қарабұта ауылында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық университетін бітірген. Телевидениедегі алғашқы қадамын 2008 жылы  «Хабар» агенттігі жаңалықтар бөлімінде спорт шолушысы болып бастады.

Бос уақытын бассейн мен футбол ойнауға арнағанды ұнатады. Сүйікті жанры -комедиялық және тарихи фильмдер. Қазақ жазушыларының шығармашылығын сүйіп оқиды.

Тамақты аса талғамаймын, бұйырған асқа қанағат, - дейді Қанат. Күй мен домбыра үнін тыңдағанды ұнатады.

Өмірімдегі жарқын оқиға - 2006 жылы алтыншы айдың алтыншы күні ең алғаш «Хабардың» босағасын аттаған сәт деп атайды ол.

Адамдарда бағалайтын қасиеті - қарапайымдылық, жек көретіні – екіжүзділік.

Асқақ арманы - отбасын құрып, әке-шеше алдындағы парызын өтеу.

Алдыңғы буын ағаларын үлгі тұтады.