Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қазақ тіліндегі жаңа әніне бейнебаян түсірді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқы мен ел президенті Сооранбай Жээнбековке Ұлттық аза тұту күніне байланысты көңіл айтты.
Семейдегі 48 мектеп күрделі және ағымдағы жөндеуден өтіп жатыр.
Алматыда 1300-ден астам адам Qurban-2020 онлайн платформасы арқылы құрбандыққа шалынған мал етін алуға өтініш білдірген.
Премьер-Министр Асқар Мамин Президентке 5 шілдеден бастап елімізде қатаң карантин шаралары енгізілгеннен кейін індет жұқтырушылардың саны 29 пайызға төмендегенін баяндады.
Алматыдан Абай еліне жаяу жолға шыққан ағайынды Күшеевтер 1200 шақырымды артқа тастап, Семей өңіріне жетті.
Америкалық Moderna биотехнологиялық компаниясы өзінің коронавирусқа қарсы вакцинасының бір курсын 50-60 долларға бағаламақ, дозасына шамамен 25-30 доллардан келеді.
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Еуропаның кей өңірлерінде коронавирус инфекциясының қайта дендеп бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп отыр.
Қазақстанның ұлттық парктеріндегі заңбұзушылықтар бойынша жедел желі іске қосылды.