Елорданың Дін істері жөніндегі басқармасы Құрбан айт туралы мәлімдеме жасады
«Қоғамдық қауіпсіздікті және адамдардың көп мөлшерде жиналмауын қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында орналасқан дәстүрлі құрбандық шалу орындары (базарлар, шаруа қожалықтары) жабық болады. Осы орайда алғаш рет қашықтан құрбан шалуды ұйымдастыру мақсатында qqurban2020.kz сайты іске қосылды. Аталған сайтта кез келген азамат онлайн түрде құрбан шалуға тапсырыс бере алады. Құрбандыққа сойылған ет түгелдей әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларына үлестіріледі», – делінген Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы таратқан мәліметте.