Qurban-2020: Алматыда 1305 адам құрбандыққа шалынған мал етін алуға өтініш білдірген
Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингі барысында Бостандық ауданының «Байкен» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев хабарлады. Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында Құрбан айтта құрбандық шалу онлайн форматта өтеді. Құрбан шалуға және сойылған құрбандық малының етін алуға өтініш беру үшін Qurban-2020 онлайн платформасы құрылған.
«Бүгінгі таңда 1305 адам құрбандыққа шалынған етті онлайн платформа арқылы алуға өтініш білдірген», – деді Данияр Жұмабаев.
Сонымен бірге ол қала тұрғындарынан құрбандыққа 49 қой, 18 ешкі және 8 басқа малды шалуға өтініш түскенін айтты. Барлық еттің қайырымдылық аясында мұқтаж жандарға таратылатынын атап өткен жөн. Құрбандық шалуға және мұқтаж, аз қамтылған қала тұрғындарының ет алуға қалдырған өтініштерін қабылдау 30 шілдеге дейін жүргізіледі.