Коронавирус вакцинасының құны қанша болуы мүмкін екені айтылды
Бұл туралы ТАСС Financial Times-қа сілтеме жасап хабарлады. Газеттің хабарлауынша, мұндай баға АҚШ пен табыс деңгейі жоғары елдер үшін қабылданады. Сонымен бірге коронавирусқа қарсы вакцинаны жасаумен айналысатын басқа компаниялар өз препараттарын аталған бағадан да арзан сатуды жоспарлап отыр. Осылайша, өткен аптада АҚШ үкіметімен 100 млн дозаны жеткізу туралы келісім жасасқан америкалық Pfizer және германиялық BioNTtech компаниялары өздерінің вакциналарының бір дозасын 19,5 долларға, ал британдық-шведтік AstraZeneca компаниясы 3-4 долларға бағалады.