Хабар телеарнасы

Семейде 59 мектепке видеобақылау орнатылады

Mekterdegi zhondeu

Қазір білім мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы 80%. Өңірдегі осындай 82 жобаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 335 млн теңге қарастырылған. Және республикалық қазынадан 792 млн теңге беріліп отыр. Соған сәйкес кейбір мектептердің спорт залы жөнделіп, шатыры ауыстырылады. Электр және жылу жүйесі жаңартылмақ. Ал 59 оқу орынына бейнебақылау камералары орнатылып, қауіпсіздік күшейтіледі.

Валентина Шипилова, білім бөлімі басшысының орынбасары:

– Сонымен қатар жергілікті бюджеттен 98 млн теңге бөлінді. Ол қаржыға бейнабақылау камерасы алынып, қалалық және ауылдық жердегі мектептерге орнатылады. 1 қыркүйекке дейін білім ордаларындағы өзге де жөндеу жұмыстары аяқталады.