«24KZ» телеарнасының Халықаралық ақпарат бөлімінің орыстілді тілшісі

  • 321
  • 24.04.2025, 11:16

«24KZ» телеарнасының  Халықаралық ақпарат бөлімінің орыс тілді тілшісі

(тұрақты)

Локация

Астана  қаласы, Кунаев  көшесі, 4

Жұмыс тәртібі

бес күндік

Жұмыс сипаты

бес күндік

Еңбек ақы

Әңгімелесу кезінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі лауазымдық міндеттері

1) әлемдік аренадағы оқиғалар туралы хабардар болып, болып жатқан оқиғалар туралы продюсерге уақтылы хабарлау; 
2) ақпараттық материалдардың уақтылы және сапалы аударылуына жауапты болу; 
3) халықаралық жаңалықтар сюжетінің материалын, мәтінін эфирге шығару үшін тиісті сапада уақтылы дайындау;
4) бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес халықаралық жаңалықтар шығарылымын дайындауға қатысу;
5) анықтамалықтар бойынша және басқа да дереккөздер бойынша тектердің, атаулардың, терминдердің кредиттерде жазылуын уақтылы тексереді және жаңалықтар жүргізушісіне шетелдік сөздердің эфирде дұрыс айтылуы туралы хабарлау;
6) бастапқы көздер бойынша келтірілген дәйексөздердің, атаулардың, сандардың және басқа да нақты деректердің дәлдігін уақтылы және сапалы тексеру;
7) алдағы оқиғалар туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен байланысты қамтамасыз ету; 
8) бөлімнің бас редакторын, телеарнаның бас редакторын алдағы түсірілім туралы уақтылы хабардар ету;
9) түсірілім үшін оқиға орнына, оның ішінде негізгі жұмыс орнынан тыс жерлерге шығу;
10) дедлайн жағдайында жұмыс істей білу, ағымдағы оқиғаларға жедел әрекет ету қабілеті;
11) оқиға орнына келгеннен кейін ақпарат жинауға кірісу, қоғамның тиісті құрылымдық бөлімшесінің түсірілім тобының, телеоператорларының, жарық қоюшылардың жұмысын ұйымдастыру;
12) ақпараттық және талдамалық материалдарды жазу дағдылары;
13) түсірілім аяқталғаннан кейін қысқа мерзімде материалды өңдеуге және мәтін жазуға кірісу;
14) күн сайын телеарнаның сайтында орналастыру үшін материалдар дайындау.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Білімге қойылатын біліктілік талаптары

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесінің болғаны жөн.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары

БАҚ саласындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл. «Журналистика» мамандығы бойынша жоғары білім болған жағдайда жұмыс өтілі бойынша талап қойылмайды.

Тілдері білу деңгейі

Қазақ, орыс тілдерін еркін білу, ағылшын тілін Intermediate (B1) деңгейінен төмен емес.

Компенсациялық пакет:


- тұрақты еңбекақы;

- кәсіби өсу;

- компания есебінен оқыту;

- мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйлықақылар;

- сауықтыруға біржолғы жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;

- біржолғы төлемдер / материалдық көмек;

- корпоративтік іс-шаралар.

Пікір айту қағидалары.

Құрметті үміткер

Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: cv@khabar.kz.

Хаттың тақырыбында сіз өтініш білдірген бос орынның атын көрсетуді сұраймыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда сіз «Хабар» Агенттігі» АҚ-ң HR департаментіне электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: cv@khabar.kz немесе телефон арқылы: +7 (7172) 757 495.                                            

Дереккөз: https://khabar.kz/ru/agency/vakansii. Материалдарды кез-келген пайдалану www.khabar.kz сайтына гиперсілтеме болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.