Өндірістік дирекциясы ТЖК бөлімінің жарық берушісі (тұрақты)
Локация
Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4
Жұмыс тәртібі
Бес күндік
Жұмыс сипаты
Еңбек ақы
Әңгімелесу кезінде
Үміткерлерге қойылатын талаптар
Білімге қойылатын біліктілік талаптары
Жоғары білім немесе орта кәсіптік білім. Жарық беруші, жарық суретшісі, телеоператор, фотограф және өзге де сабақтас кәсіптер бойынша кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі болған кезде білімге талап қойылмайды.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары
Жарық беруші, жарық суретшісі лауазымындағы жұмыс өтілі қажет.
Тілдері білу деңгейі
Қазақ, орыс тілдерін еркін білу
Негізгі лауазымдық міндеттері
1) түсірілген бейнематериалдың сапасы мен санына жауап береді, автордан, тілшіден нақты тұжырымдалған түсірілім тапсырмасын талап етеді;
2) кез келген күрделілік схемалары бойынша жарықтандыру аппаратурасын монтаждауды және бөлшектеуді жүзеге асырады;
3) түсірілім мен телехабарларды жарықтандыру схемаларын әзірлеуге қатысады;
4) түсірілім кезінде режиссерге, телеоператорға, тілшіге бағынады, бірақ түсірілімді ұйымдастыруда ұсыныс пен бастама жасауға құқылы;
5) режиссер мен оператордың нұсқауы бойынша объектіге жарық беруін түзетеді;
6) барлық жарық әсерлерін жасауды қамтамасыз етеді;
7) Бөлім бастығының және Қоғам басшылығының Қоғам қызметіне қатысты басқа да тапсырмаларын орындайды;
8) жұмыс басталғанға дейін кемінде 30 минут бұрын студияны тікелей эфирге немесе жазбаға уақтылы дайындайды;
9) ПТЭ, ПТБ, ППБ қағидаларын ұстанады;
10) Қоғамның жарықтандыру жабдықтарының жоғары сапалы және тиімді жұмысын, оның дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
11) телехабарларды ұйымдастыру мен жасау технологиясын жетілдіру, техникалық үзілістер мен ақаулардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді;
12) Қоғамның жарықтандыру жабдықтарында жөндеу-профилактикалық жұмыстардың уақтылы жүргізілуін қамтамасыз етеді.
- тұрақты еңбекақы;
- кәсіби өсу;
- компания есебінен оқыту;
- мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйлықақылар;
- сауықтыруға біржолғы жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;
- біржолғы төлемдер / материалдық көмек;
- корпоративтік іс-шаралар.
Пікір айту қағидалары.
Құрметті үміткер
Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: cv@khabar.kz.
Хаттың тақырыбында сіз өтініш білдірген бос орынның атын көрсетуді сұраймыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда сіз «Хабар» Агенттігі» АҚ-ң HR департаментіне электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: cv@khabar.kz немесе телефон арқылы: +7 (7172) 757 495.