Лауызым
Экономика және қаржы департаментінің Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі Есепке алу секторының салықтық есепке алу жөніндегі бас маманы
(тұрақты)
Локация
Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4
Жұмыс тәртібі
бес күндік
Жұмыс сипаты
Еңбек ақы
Әңгімелесу кезінде
Негізгі лауазымдық міндеттері
1) Қоғамның салық есебін жүзеге асырады;
2) заңдарға және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық органдарымен есептеуді және төлеуді, салыстырып тексеруді жүргізеді;
3) бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында дұрыс және уақтылы көрсетеді;
4) шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтау, үнемдеу режимін және құжат айналымын жетілдіру іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге қатысады;
5) шығындардың және өнімсіз шығыстардың пайда болу көздерін анықтайды, олардың алдын алу бойынша ұсыныстар енгізеді;
6) салық есептілігін жасап ұсынады;
7) салықтар мен бюджетке төленетін өзге де төлемдердің түрлері бойынша аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармаларына салықтар мен бюджетке төленетін өзге де төлемдердің уақтылы төленуін қамтамасыз етеді;
8) 1С бухгалтерлік бағдарламасында есептелген және төленген салықтар мен бюджетке төленетін өзге де төлемдердің салықтар мен бюджетке төленетін өзге де төлемдер түрлері бойынша бухгалтерлік жазбаның уақтылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз етеді;
9) бекітілген учаскенің камералдық бақылау бойынша салықтық хабарламалардың орындалуын уақтылы пысықтайды және бақылайды;
10) аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармаларында Қоғамның салықтық дербес шоттарында салық берешегін және артық төлеуді болдырмау/азайту/жою бойынша жұмыс істейді, бюджетке төленетін барлық салықтар мен төлемдер бойынша салыстырып тексеру жүргізеді.
Үміткерлерге қойылатын талаптар
Білімге қойылатын біліктілік талаптары
Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) экономикалық, қаржылық немесе бухгалтерлік білім. Кәсіби бухгалтер сертификатының және (немесе) алқабилер сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығы (ACCA) сертификатының болуы
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары
Қаржы-бухгалтерлік жұмыс саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Тілдері білу деңгейі
Қазақ, орыс тілдерін еркін білу.
Компенсациялық пакет:
- тұрақты еңбекақы;
- кәсіби өсу;
- компания есебінен оқыту;
- мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйлықақылар;
- сауықтыруға біржолғы жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;
- біржолғы төлемдер / материалдық көмек;
- корпоративтік іс-шаралар.
Пікір айту қағидалары.
Құрметті үміткер
Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: cv@khabar.kz.
Хаттың тақырыбында сіз өтініш білдірген бос орынның атын көрсетуді сұраймыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда сіз «Хабар» Агенттігі» АҚ HR департаментіне электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: cv@khabar.kz немесе телефон арқылы: +7 (7172) 757 495.