Өндірісті қамтамасыз ету дирекциясының ресурстық қамтамасыз ету бөлімінің электрмонтері

  • 14
  • 26.05.2026, 11:09

«Өндірісті қамтамасыз ету дирекциясының ресурстық қамтамасыз ету бөлімінің электрмонтері

 

Локация

Астана  қаласы, Қонаев  көшесі, 4

Жұмыс тәртібі

бес күндік

Жұмыс сипаты

бес күндік

Еңбек ақы

Әңгімелесу кезінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі лауазымдық міндеттері

1. қызмет көрсетілетін құрылғылар мен жабдықтардың жарамды күйін, апатсыз және сенімді жұмысын, оларды дұрыс пайдалануды және сапалы жөндеуді уақтылы қамтамасыз етеді, атап айтқанда:

 

2. әртүрлі типтегі электр машиналары мен электр аппараттарын бөлшектеу, күрделі жөндеу, жинақтау және орнату;

 

3. технологиялық жабдықтардың, электр машиналарының, электр аппараттарының және электр аспаптарының электр схемаларын баптау, жөндеу және реттеу;

4. өлшеу трансформаторларының дәлдік кластарына тексеру жүргізу;

5. кабельдік желілерді жөндеу, монтаждау және демонтаждау жұмыстарын орындау;

6. электр кабельдік желілерінде күрделі соңғы жалғауларды орындау, сондай-ақ мыс және алюминий кабельдері арасындағы жалғау муфталарын монтаждау;

7. жөнделген электр жабдықтарын пайдалануға тапсыруға дайындау;

8. жабдықтарды пайдалану қағидаларының сақталуын бақылайды;

9. құрылғылардың жұмыс жағдайларын зерттейді, мерзімінен бұрын тозу себептерін анықтайды, олардың алдын алу және жою шараларын қабылдайды;

10. құрылғыларды пайдаланатын қызметкерлерге оларды пайдалану қағидалары мен өндірістік жарақаттардың алдын алу шаралары бойынша нұсқама жүргізеді;

11. жабдықтардың апатқа ұшырау себептерін қарастыруға қатысады және олардың алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;

12. бекітілген құрылғылар түрі бойынша техникалық қызмет көрсетудің, жөндеудің, монтаждаудың және басқа жұмыстардың озық әдістерін меңгереді және енгізеді;

13. кәсіпорын аумағындағы электр кабельдері мен трансформаторлардың жағдайын бақылайды;

14. кәсіпорында қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын қадағалауды жүзеге асырады;

15. бекітілген ауысымдық кестелерді сақтайды және сол бойынша жұмыс істейді;

16. жабдықтарды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және қадағалау жөніндегі нұсқаулықтардың сақталуын бақылайды;

17. қарауындағы жабдықтарға арналған стандарттар мен техникалық шарттарды әзірлеуге және енгізуге қатысады;

18. электр аппараттары мен электр аспаптарына күрделі, ағымдағы және ұсақ жөндеу жұмыстарын орындайды;

19. күрделі жөндеуден кейін әртүрлі қуаттағы электр қозғалтқыштарын, электр аппараттарын және трансформаторларды кешенді сынақтан өткізуге қатысады;

20. бекітілген техникалық құралдардың сенімділігі мен жұмыс сапасын арттыру, қолданыстағы құрылғыларды игеру және жаңғырту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

21. материалдарға, қосалқы бөлшектерге және құралдарға өтінімдер жасауға қатысады және олардың үнемді әрі ұтымды жұмсалуын қамтамасыз етеді;

22. электр қондырғыларында жұмыс істеу қағидалары мен нормаларын білуін тексеру туралы куәлікті (рұқсатты) уақтылы рәсімдейді.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Білімге қойылатын біліктілік талаптары

Жоғары білім, орта кәсіптік білім, орта білім. Кемінде 4-топтағы рұқсаттың болуы (біліктілік куәлігінің болуы).

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары

Электр жүйелерін, электр жабдықтарын және электр қондырғыларын қызмет көрсету саласындағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.

Кәсіби дағдылары:

Электротехника және электроника саласындағы білім, электр желілерін монтаждау және жөндеу құралдарымен жұмыс істеу дағдылары, электр жүйелерін орнату және қызмет көрсету, электр схемалары мен сызбаларды оқу қабілеті.

Тілдері білу деңгейі

Қазақ, орыс тілдерін еркін білу.

Компенсациялық пакет:


- тұрақты еңбекақы;

- кәсіби өсу;

- компания есебінен оқыту;

- мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйлықақылар;

- сауықтыруға біржолғы жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;

- біржолғы төлемдер / материалдық көмек;

- корпоративтік іс-шаралар.

Пікір айту қағидалары.

Құрметті үміткер!
Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: cv@khabar.kz.

Хаттың тақырыбында сіз өтініш білдірген бос орынның атын көрсетуді сұраймыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда сіз «Хабар» Агенттігі» АҚ HR департаментіне электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: cv@khabar.kz немесе телефон арқылы: +7 (7172) 757 495.