«Хабар» телеарнасының бағдарламалау және хабар тарату бөлімінің эфир редакторы
(уақытша)
Локация
Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4
Жұмыс тәртібі
бес күндік
Жұмыс сипаты
Еңбек ақы
Әңгімелесу кезінде
Негізгі лауазымдық міндеттері
1) қабылданған техникалық параметрлерге сәйкес барлық бейнематериалдардың техникалық ақауларының (дыбыс деңгейі, дыбыс пен бейненің синхрондалмауы, микроплан, қара фон, склейка, кескіннің бұзылуы, каше, титрлардың дұрыс рәсімделуі, қолданылған графика, бастапқы және соңғы шапкалардың болуы) жоқтығына эфир алдындағы техникалық сапа бақылауын уақтылы әрі сапалы жүзеге асырады;
2) контентті дұрыс емес ақпараттың, грамматикалық қателердің, сондай-ақ тікелей немесе жанама жарнаманың болуына тексереді;
3) контент мазмұнының Телеарнаның ақпараттық саясатына сәйкестігін тексереді;
4) ұсынылған бейнематериалдардан техникалық ақаулар немесе контент мазмұнының Телеарнаның ақпараттық саясатына сәйкес келмеуі анықталған жағдайда бұл туралы бөлім басшысына, редактор ассистентіне және инженерлерге хабарлайды;
5) қажет болған жағдайда бейнематериалдардағы техникалық сипаттағы ұсақ кемшіліктерді түзетеді;
6) қаралған барлық бейнематериалдар мен техникалық ақаулардың есебін тіркеу журналына енгізу арқылы уақтылы жүргізеді;
7) қаралған бейнефайлдарды хабар тарату автоматтандыру жүйесіндегі тиісті бумаларға бөледі.
Үміткерлерге қойылатын талаптар
Білімге қойылатын біліктілік талаптары
Жоғары білім, орта кәсіптік білім.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары
БАҚ саласындағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл. «Журналистика» мамандығы бойынша жоғары білімі болған жағдайда жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Кәсіби дағдылары:
Бейнеөнімнің техникалық параметрлерін (дыбыс, синхрондылық, бейнеформаттар, графика және т.б.) білу, эфирлік хабар таратуды автоматтандыру жүйелерімен жұмыс тәжірибесі, редакторлық базалық дағдыларды меңгеру (медиаконтенттегі орфографиялық, стилистикалық және фактілік қателерді анықтау), бейнемонтаж және техникалық түзету бойынша базалық дағдыларға ие болу (ұсақ ақауларды жою, титрларды жеделдету, склейкаларды түзету).
Тілдері білу деңгейі
Қазақ, орыс тілдерін еркін білу.
Компенсациялық пакет:
- тұрақты еңбекақы;
- кәсіби өсу;
- компания есебінен оқыту;
- мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйлықақылар;
- сауықтыруға біржолғы жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;
- біржолғы төлемдер / материалдық көмек;
- корпоративтік іс-шаралар.
Пікір айту қағидалары.
Құрметті үміткер!Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: cv@khabar.kz.
Хаттың тақырыбында сіз өтініш білдірген бос орынның атын көрсетуді сұраймыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда сіз «Хабар» Агенттігі» АҚ HR департаментіне электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: cv@khabar.kz немесе телефон арқылы: +7 (7172) 757 495.