Лауызым
Интернет-жобалар департаментінің «24KZ» жаңалықтар сайты редакциясының
Digital-маманы (уақытша)
Локация
Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4
Жұмыс тәртібі
бес күндік
Жұмыс сипаты
Еңбек ақы
Әңгімелесу кезінде
Негізгі лауазымдық міндеттері
1) әлеуметтік желілер үшін визуалды контент рәсімдеуді әзірлейді (1. ақпараттық ағынды қадағалайды, тақырыптарды Бөлімнің бас редакторымен келіседі;
2. Бөлімнің бас редакторы және Құрылымдық бөлімшенің директоры келісім бергеннен кейін әлеуметтік желілерде фото және мәтіндік материалдарды уақтылы әрі сапалы орналастырады;
3. әлеуметтік желілердегі қауымдастықтарды безендіреді, модерациялайды және дамытады;
4. жаңа қолайлы қауымдастықтарды іздестіреді және Қоғамның телеарналарын ілгерілетеді;
5. әлеуметтік медиаға мониторинг жүргізеді және есептерді Бөлімнің бас редакторына, Құрылымдық бөлімшенің директорына және Қоғам басшылығына ұсынады;
6. әлеуметтік медиадағы бәсекелестердің қызметіне мониторинг жүргізіп, талдау жасайды;
7. Қоғамның телеарналарының әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында атқарылған жұмыстарды зерттеп, талдайды;
8. оң имидж қалыптастырады, PR-науқандарды жоспарлайды және олардың іске асырылу барысын бақылайды;
9. әлеуметтік желілерді күн сайын өзекті ақпаратпен қамтамасыз етеді;
10. Қоғамның әлеуметтік желілерінде жарияланатын мәтіндер мен материалдардың лексикалық және стильдік бірізділігін қамтамасыз етеді, орфографиялық және пунктуациялық қателерге жол бермейді;
11. редакцияның тыныс-тіршілігінен «кадр сыртындағы» фото және бейнематериалдарды, сондай-ақ Қоғам телеарналарының алдағы іс-шараларына арналған промо-роликтерді жариялайды;
12. бағдарламалардың аңдатпаларын әлеуметтік желілерде уақтылы жариялайды;
13. Қоғамның сайтына және өзге де ресми ақпараттық ресурстарына келушілерді тартуға бағытталған кешенді жұмыстарды жүзеге асырады;
14. Қоғамның телеарналарының әлеуметтік желілерінде тұрақты аудитория қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізеді;
15. еңбек шарты тоқтатылған жағдайда Қоғамның әлеуметтік желілердегі барлық аккаунттарына қатысты қол жеткізу кодтарын, логиндер мен құпиясөздерді тапсыруға міндетті;
16. әлеуметтік желі пайдаланушыларымен кері байланыс орнатып, аудиторияны диалогқа тартады;
17. Құрылымдық бөлімшенің материалдарын ілгерілетуге арналған ақпараттық себептерді талдап, қалыптастырады;
18. Қоғамның әлеуметтік желілеріндегі пайдаланушылардың пікірлерін тұрақты бақылап отырады.
Үміткерлерге қойылатын талаптар
Білімге қойылатын біліктілік талаптары
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Бұқаралық ақпарат құралдары, телевидение, медиа, жарнама және маркетинг саласында кемінде 3 жыл еңбек өтілі болған жағдайда орта арнаулы білімге жол беріледі.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары
Бұқаралық ақпарат құралдары, телевидение, SMM, жарнама және маркетинг, digital-коммуникациялар немесе контент-менеджмент саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болғаны құпталады.
Кәсіби дағдылар
Microsoft Office бағдарламаларын (Word, Excel, PowerPoint және т.б.) сенімді меңгеру, графикалық және бейне редакторлармен (CapCut, InShot, Adobe Premiere және т.б.) жұмыс істеу дағдылары, әлеуметтік желілерге арналған контентті жасау, редакциялау және ілгерілету, SMM-ілгерілету, контентті басқару, аудиторияны талдау, бәсекелестер мен трендтерге мониторинг жүргізу дағдылары.
Тілдері білу деңгейі
Қазақ, орыс тілдерін еркін білу.
Компенсациялық пакет:
- тұрақты еңбекақы;
- кәсіби өсу;
- компания есебінен оқыту;
- мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйлықақылар;
- сауықтыруға біржолғы жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;
- біржолғы төлемдер / материалдық көмек;
- корпоративтік іс-шаралар.
Пікір айту қағидалары.
Құрметті үміткер
Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: cv@khabar.kz.
Хаттың тақырыбында сіз өтініш білдірген бос орынның атын көрсетуді сұраймыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда сіз «Хабар» Агенттігі» АҚ HR департаментіне электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: cv@khabar.kz немесе телефон арқылы: +7 (7172) 757 495.