Дизайн және телевизиялық графика департаментінің суретші-иллюстраторы (уақытша)

  • 27
  • 04.08.2026, 15:50

Лауызым

Дизайн және телевизиялық графика департаментінің суретші-иллюстраторы (уақытша)

 

Локация

Астана  қаласы, Қонаев  көшесі, 4

Жұмыс тәртібі

бес күндік

Жұмыс сипаты

бес күндік

Еңбек ақы

Әңгімелесу кезінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі лауазымдық міндеттері

1)     телевизиялық графикалық өнімді безендіруде одан әрі пайдалану үшін тақырыптық бағытқа сәйкес келетін векторлық графиканы, иллюстрацияларды, концепт-артты, композициялық сюжеттерді және өзге де графикалық материалдарды уақтылы әрі сапалы әзірлеуді жүзеге асырады;

2)     векторлық графикалық өнімді әзірлеу, безендірудің түрлері мен нысандарын жетілдіру бойынша озық отандық және шетелдік тәжірибені жинақтап, күнделікті тәжірибеге енгізеді;

3)     Қоғамда қабылданған бағдарламалардың графикалық безендірілуін әзірлеу нормалары мен мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

4)     Департамент директорының және Қоғам басшылығының Департамент қызметіне қатысты өзге де тапсырмаларын орындайды;

5)     мәселелерді уақтылы шешу мақсатында Қоғам телеарналарының бас және аға режиссерлерімен, Департамент директорымен, ағымдағы бағдарламалардың бас редакторларымен тұрақты кері байланысты қамтамасыз етеді;

6)     техникалық немесе өзге де себептерге байланысты жұмысты белгіленген мерзімде тапсырудың кешігуі туындаған жағдайда бұл туралы дереу Департамент директорына хабарлайды.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Білімге қойылатын біліктілік талаптары

Жоғары немесе орта арнаулы білім. Дизайн, графика, бейнелеу өнері, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және сабақтас салалар бойынша білімінің болғаны артықшылық болып табылады.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары

Дизайн, көркемдік-безендіру жұмыстары, сәндік-қолданбалы өнер, жарнама, фото және бейнематериалдарды жасау және өңдеу саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.

Кәсіби дағдылар

Келесі дағдылардың болғаны артықшылық болып табылады:

 

Базалық дағдылар: векторлық графика редакторларымен (CorelDRAW, Adobe Illustrator немесе олардың баламалары) жұмыс істеу; Adobe бағдарламалар пакетімен (After Effects, Illustrator, Photoshop) жұмыс істеу; үшөлшемді графика немесе анимация жасауға арналған бағдарламалардың біреуімен немесе бірнешеуімен (Maxon Cinema 4D, Autodesk 3ds Max, Maya, Blender немесе олардың баламалары) жұмыс істеу; векторлық және растрлық графика редакторларымен жұмыс істеудің негізгі дағдылары.

 

Жетілдірілген дағдылар:

мультипликация суретшісінің дағдылары; қаңқалық (skeletal) және кейіпкерлік (character) анимациямен жұмыс істеу дағдылары.

Тілдері білу деңгейі

Қазақ, орыс тілдерін еркін білу.

Компенсациялық пакет:


- тұрақты еңбекақы;

- кәсіби өсу;

- компания есебінен оқыту;

- KPI нәтижелері бойынша сыйлықақылар;

- сауықтыруға біржолғы жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;

- біржолғы төлемдер / материалдық көмек;

- корпоративтік іс-шаралар.

Пікір айту қағидалары.

Құрметті үміткер!

Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: cv@khabar.kz.

Хаттың тақырыбында сіз өтініш білдірген бос орынның атын көрсетуді сұраймыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда сіз «Хабар» Агенттігі» АҚ HR департаментіне электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: cv@khabar.kz немесе телефон арқылы: +7 (7172) 757 495.