Лауызым
Алматы филиалы Өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің жүргізушісі (тұрақты)
Локация
Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 185 ғимарат
Жұмыс тәртібі
бес күндік
Жұмыс сипаты
Еңбек ақы
Әңгімелесу кезінде
Негізгі лауазымдық міндеттері
1) автокөлікті уақтылы беруді қамтамасыз етеді;
2) жүргізушіге бекітілген автокөліктің техникалық жарамды күйін қамтамасыз етеді;
3) автокөліктің және оның ішінде орналасқан мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды: автокөлікті қараусыз қалдырмайды, салоннан шыққан кез келген жағдайда міндетті түрде автокөлікті дабыл жүйесіне қояды, қозғалыс және тұрақ кезінде автокөліктің барлық есіктерін бұғаттайды;
4) жолаушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын және автокөліктің техникалық жарамды күйін барынша қамтамасыз ететіндей автокөлікті басқарады;
5) автокөліктің техникалық жағдайын бақылайды, оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстарды өз бетінше орындайды (пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес);
6) сервис орталығында техникалық қызмет көрсетуден және техникалық байқаудан уақтылы өтеді;
7) автокөліктің қозғалтқышын, шанағын және салонын таза ұстайды, оларды осы мақсатқа арналған тиісті күтім құралдарымен қорғайды;
8) жолға шығар алдында жүру бағытын нақты жоспарлап, оны топтың аға қызметкерімен, Бөлім механигімен келіседі.
Үміткерлерге қойылатын талаптар
Білімге қойылатын біліктілік талаптары
Жоғары және/немесе орта кәсіптік және техникалық (орта арнаулы) және/немесе орта білім.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары
Жүргізушілік өтілі кемінде 1 жыл.
Кәсіби дағдылар
Автокөлікті пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу тәртібін білу. Жеңіл автокөлік жүргізушілері үшін «B», «C» санаттарындағы, автобус және шағын автобус жүргізушілері үшін «B», «C», «D» санаттарындағы жүргізуші куәлігінің болуы.
Тілдері білу деңгейі
Қазақ, орыс тілдерін еркін білу.
Компенсациялық пакет:
- тұрақты еңбекақы;
- кәсіби өсу;
- компания есебінен оқыту;
- KPI нәтижелері бойынша сыйлықақылар;
- сауықтыруға біржолғы жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;
- біржолғы төлемдер / материалдық көмек;
- корпоративтік іс-шаралар.
Пікір айту қағидалары.
Құрметті үміткер
Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: cv@khabar.kz.
Хаттың тақырыбында сіз өтініш білдірген бос орынның атын көрсетуді сұраймыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда сіз «Хабар» Агенттігі» АҚ HR департаментіне электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: cv@khabar.kz немесе телефон арқылы: +7 (7172) 757 495, 8 747 168 99 58.