Хабар телеарнасы

"24KZ" арнасы жаңалықтар бөлімінің тілшісі (тұрақты)

Лауазым сипаттамасы

Құрылымдық бөлімше

"24KZ" арнасы жаңалықтар бөлімі (орыс редакциясына)

Локация

Астана  қаласы, Кунаев  к., 4

Жұмыс тәртібі

5/2

Жұмыс сипаты

5/2

Еңбек ақы

Әңгімелесу кезінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі лауазымдық міндеттері

1) алдағы оқиғалар туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен байланысты уақтылы және сапалы қамтамасыз етуге міндетті; 2) елде және әлемде болып жатқан оқиғаларға жедел назар аудару;3) шығарушы редакторды, бөлімнің бас редакторын, арнаның бас редакторын алдағы түсірілім туралы уақтылы хабардар етуге міндетті;4) түсірілім үшін оқиғалар орнына, оның ішінде негізгі жұмыс орнынан тыс жерлерге уақтылы шығуға;   5) интернет жобалар Дирекциясымен өзара іс-қимыл жасауға, ақпаратты сайтта жедел орналастыру үшін уақтылы жіберуге;6) оқиға орнына келген соң ақпарат жинауға кірісуге, түсірілім тобының, телеоператорлардың, Қоғамның техникалық дирекциясының жарықтандырушыларының жұмысын ұйымдастыруға;7) корреспонденттен, телеоператордан, жарық қоюшыдан тұратын түсірілім тобында ұйымдастыру және шығармашылық сәттері бойынша аға функцияларды өз мойнына алуға құқылы; 8) қол жетімді байланыс құралдарының көмегімен көзделген түсірілім шарттарының (уақыты мен орнының) өзгеруі туралы басшылықты уақтылы хабардар етуге міндетті;9) түсірілім аяқталғаннан кейін қысқа мерзімде материалды өңдеуге және мәтін жазуға кірісуге міндетті;10) алынған ақпараттың дұрыстығын уақтылы және сапалы тексеруге;11) берілген тақырып бойынша қосымша ақпарат алу үшін жаңалықтар материалдарын дайындау кезінде жаңалықтар бөлімінің продюсерімен өзара іс-қимыл жасау;12) шығарушы редактордың немесе жаңалықтар бөлімінің бас редакторының бекітуіне мәтінді уақтылы ұсынуға, содан кейін монтаждауға кірісуге;13) монтаждау сапасын оның барлық сатыларында бақылауға;14) өз бастамашыл материалдарын уақтылы және сапалы дайындауға;15) шығарушы редактордың, жаңалықтар бөлімінің бас редакторының, арна бас редакторының тапсырмасы бойынша материалдарды жинақтау және редакциялау және көрермендердің өтініштерімен жұмыс істеу;16) жаңалықтар бөлімінің бас редакторының, арна бас редакторының тапсырмасы бойынша өз бағдарламаларын жасау үшін материалдар, сюжеттер дайындау;17) бейнематериалды дайындау кезінде тілдің грамматикасы мен стилистикасының талаптарын сақтауға, дикция қағидаларын басшылыққа алуға;18) қажет болған жағдайда сұхбат алу үшін сұрақтар әзірлеуге және қоғамдық-саяси қайраткерлерді, ғылым, мәдениет қайраткерлерін, жетекші мамандар мен сарапшыларды бағдарламаларға қатысуға тартуға, олармен эфирде жұмыс істеуге;19) қоғамның жалпы стилі мен хабар тарату тұжырымдамасына сәйкес келетін сыртқы келбеті, костюмі және мінез-құлқы болуы қажет.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Білімге қойылатын біліктілік талаптары

«Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат», «Бизнес, басқару және құқық», «Педагогикалық Ғылымдар» мамандықтар тобы бойынша жоғары білім. Әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесінің болғаны абзал.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары

БАҚ саласындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл. «Журналистика» мамандығы бойынша жоғары білім болған жағдайда жұмыс өтілі бойынша талап қойылмайды.

Не ұсына аламыз:

- тұрақты еңбекақы;

- кәсіби өсу;

- компания есебінен оқыту;

- мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйлықақылар;

- әлеуметтік қолдау (бір жыл жұмыс істегеннен кейін еңбек демалысына берілетін емдік жәрдемақы);

- корпоративтік іс-шаралар.

Пікір айту қағидалары.

Құрметті үміткер

Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. (хат тақырыбында өтініш берген бос орынды көрсету).

Сұрақтар туындаған жағдайда, «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның HR-бөліміне Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.. электрондық мекенжайға жаза отырып хабарласа аласыз. HR қызметінің телефоны: +7 (7172) 757 495.      

                                              

Дереккөз: https://khabar.kz/ru/agency/vakansii. Материалдарды кез-келген пайдалану www.khabar.kz сайтына гиперсілтеме болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.