«Майқайың-алтын» кенішінің шұңқырынан құтқарушының денесі табылды
Майқайың Алтын кенішінің шұңқырынан бес баланың әкесі Айдос Шаймерденнің денесі табылды. Ол осыдан жарты жыл бұрын ескі шахтаның ойығына автобуспен бірге құлаған төрт құтқарушының бірі еді. Бүгін таңғы сағат 6:30-да құтқарушының денесі 70 метр тереңдіктен жер бетіне шығарылып, Екібастұзға сараптамаға жіберілді. Ақпаратты Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері растады. Еске салсақ, қаңтар айының басында құтқарушылар мінген автобус шұңқырға түсіп кеткен еді. Бұған дейін екі адамның денесі табылды. Кейіннен жердің опырылу қаупіне байланысты іздеу тоқтатылды.