Хабар телеарнасы

Жетісу облысының тұрғындары аптасына бір ауылды тазалауды қолға алды

Жетісу облысы Кербұлақ ауданының тұрғындары аптасына бір ауылды тазалауды қолға алды. «Таза Қазақстан» науқанына 15 мекеменің жұмысшысы мен арнайы техникалары жұмылдырылған. Бүгін 1 мың 300-ден аса белсенді аудан орталығындағы саябақтар мен көше бойындағы арықтарды тазартып, 300 тоннадан аса қоқыс шығарды.