Арнайы жоба. «Мерейлі отбасы 2021»
Отбасы саясаты мемлекетіміздің басты назарында. 2014 жылдан бері елімізде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізіліп келеді. Бұл – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы.
Биылғы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының марапаттау шарасы эпидахуалға байланысты бейнеконференция форматында ұйымдастырылды. Аймақтық кезеңнен үздік шыққан 17 отбасы өз өңірлерінен онлайн байланысқа шықты. Жиынға облыс және қала әкімдері де қатысты.