Хабар телеарнасы

Халел Досмұхамедов жайлы «Ғасыр ғұламасы» атты деректі фильм

Халел Досмұхамедов ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократиялық бағыттағы зиялыларының көрнекті өкілдерінің бірі. Ол – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, ағартушы – педагог Қазақстанда және Түркістанда ғылым мен білім беру, денсаулық сақтау ісін талантты ұйымдастырушы болды. Халел Досмұхамедовтың cаяси күрескер, жалынды патриот, әрі ғалым, әрі киелі өнер иесі және өз мамандықтарының білгірі болуы – кейінгі толқын жастарға үлкен өнеге. Ол өзінің кәсіби дарынын біліммен толықтырып, ана тілімен қоса, латын, араб, парсы, түрік, орыс, неміс және француз тілдерін қажетті дәрежеде еркін меңгеріп, еркін жаза білген. Көл-көсір білімінің арқасында ол биология, зоология, медицина салаларымен қатар саясатта да қажырлы еңбек еткен ғалым.