Хабар телеарнасы
aaa
«Дүйсенбі», 09 Қазан 2023 09:23

«Рауза. Сакура - жас өркен» телехикаясы Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Сәкен (лақап аты – Сакура) қылмыстық әлемнен біржола кетіп, өз бизнесін ашып, ірі компанияның басшысы атанды. Ол бірнеше жыл бұрын өзін-өзі өлтірген әйелі Раузаны сағынып жүр. Қызы Сакура қырсық әрі бірбеткей болғандықтан әкесіне көп қиындықтар туғызады. Ұлы Мұхтар — талантты программист, Сәкеннің компаниясындағы IT бөлімінің басшысы. Сакура кезекті бір жағдайға тап болады. Ол есірткіге толы сөмкемен ұсталып, қамауға алынады. Бірақ бұл жолы кезекті мәселесі үлкен оқиғаның басы болайын деп тұр. Есірткіге қарсы күрес бөлімінің адамдары Сәкенге қызын құтқарып алу үшін шарт қояды. Сәкен қызы үшін қылмыстық әлемге қайта баруға мәжбүр.

Аман (лақап аты – Маңқа) бұл жолы да өлімнен аман қалады. Ол Ажарды іздеп, баласын тауып алғысы келеді. Шаруаларын да реттеп, казиноның басшысы атанады. Сырт келбеті қалпына келгенімен, психикалық ақауларынан құтыла алмаған. Оның қызы Інжу анасынан қашып, Алматыға әкесін іздеуге кетеді.

Бұл қылмыстық драмада Сәкен есірткі сататындар және оған өлім тілейтіндерден отбасын қорғай ала ма? Ал Аман қызымен қауышқасын өзгерер ме екен...

Прочитано 4058 раз Последнее изменение«Бейсенбі», 25 Қаңтар 2024 13:42
Другие материалы в этой категории: « «Келінжан 5» телехикаясы «Қара жәшік» »

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.