Елдің басым бөлігінде күн күрт суытады

  • 7
  • 31.08.2026, 19:58

Еліміздің басым бөлігінде күн күрт суытады. Қыркүйек айының алғашқы күнінде солтүстік, шығыс және орталық аймақтарға суық атмосфералық фронт енеді. Бұл туралы «Қазгидромет» мамандары мәлімдеді. Кей өңірлерде термометр көрсеткіші -3 градусқа дейін түсуі мүмкін. Осыған байланысты үсік жүру қаупі бар. Оның әсерінен ауа температурасы айтарлықтай төмендеп, әсіресе түнгі уақытта қатты салқын күтіледі. Сонымен қатар бірінші және екінші қыркүйекте елдің солтүстігі, шығысы мен орталығында жаңбыр жауады.

Аруна Әскербек, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

-Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Солтүстік шығыс, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Ал солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарында түнгі және таңертеңгі уақыта тұман болжанады.