Ақтауда өнерлі сарбаздар арасында байқау өтті

  • 3
  • 31.08.2026, 19:42

Дәстүрлі іс-шара «Мәдениетті ана мәдениетті ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған. Оған облыстағы әскери бөлімдерден 20 сарбаз қатысты. Үш кезеңнен тұратын сайыста жас жауынгерлер армиядағы бір күнін бейнероликке түсіріп, әскери өмірдің тыныс-тірлігін көрсетті. Ән айтып, өлең оқып, өнерін ортаға салды. Байқаудың соңғы кезеңінде жақынына жазған сағыныш хатын көпшілік алдында оқып берді. Көрерменді тәнті еткен өнерлі сарбаздар «Аналар кеңесі» қоғамдық бірлестігі атынан қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Мирас Смайыл, байқауға қатысушы:

-«Рухты әскери» іс-шараға №51809 әскери бөлімінің атынан шығып отырмыз. Яғни біздің бұл жердегі басты мақсатымыз - бас жүлдені алу. Өз ойымша ешқандай қиыншылық болған жоқ. Өзіміз жақсы дайындалып, жақсы рухпен келіп тұрмыз.