Құжатта отбасы мүшелерінің не нәрсеге мұқтаж екені көрсетіледі. Ал мемлекеттік органдар сол карта бойынша жұмыс істейді. Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған Үкімет мүшелері Мемлекет басшысының жаңа әлеуметтік саясатын жан-жақты түсіндіріп, тағы қандай өзгерістер болатынын айтты. Вице-Премьер Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет мүшелері бірнеше әлеуметтік нысанды аралады. Елімізде алғаш ашылған «Халықтық кеңсе» орталығының жұмысын көрді. Жобаның мақсаты – тұрғындарға бір терезе қағидасымен жедел қызмет көрсету.
Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
- Жаңа іс-шараларды өздеріңіз білесіздер. Алдағы 2-3 жылда осы әлеуметтік мәселелерге қосымша 2, 3 трлн теңге қаржы қаралып отыр. Басты бағыттар қандай? Бірінші бағыт – ең төменгі табысты көбейту мен ең мұқтаж отбасыларына қолдау көрсету.
Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- Ең кем дегенде бір млн-ға жуық бюджеттік қызметкерлердің жалақысы көбейетін болады. Олар – білім, денсаулық, мәдениет, спорт, одан кейін әлеуметтік салада жұмыс істейтін методистер, психолог, тәрбиеші, бухгалтерлер, медсестралар, санитаркалар мен тағы басқалары.