«Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының бұрыңғы директоры Серікжан Жақаев өзінің қызметтік бабын асыра пайдаланып, қарамағындағыларға түрлі жалған іссапарларды рәсімдеп отырған. Осылайша ол жолға берілетін қаражатты қалтасына басып келген. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар мен жұмысшыларға сыйақы беруге бөлінген бюджет қаржысын да жымқырған.
Күдіктіге «кәсіпкерлерден пара алды» деген айып та тағылып отыр. Мемлекетке келтірілген шығын – 6,5 млн теңге. Айта кету керек, сот процесіне экс-шенеуніктің қорғаушысы қатысқан жоқ.
Михаил Гусев, қалалық соттың судьясы:
- ҚР ҚК 58 бабы, 3-тармағы негізінде Серікжан Жақаевты 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын! Ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылсын! Жазасын орта қауіпсіздік деңгейіндегі түрмесінде өтесін!