Еліміздің солтүстік аймақтарында көктайғақ болады

Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде желдің екпіні 23м/с болып, жекелеген аудандарында көктайғақ болады.
Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді.
Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.