«Хабар» Агенттігінің 4 қызметкері мемлекеттік және қоғамдық наградаларға ие болды
Мемлекеттік және қоғамдық наградаларға ие болғандардың арасында «Хабар» Агенттігінің 4 бірдей қызметкері бар. Атап айтсақ, Агенттіктің Басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин мен «Kazakh TV» арнасының директоры Майя Бекбаеваға «Бірлік» алтын төсбелгісі табысталса, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев пен «Хабар 24» арнасының бас редакторы Бақытжан Омар «Мейірім» медалінің иегері атанды. Бұдан бөлек, тағы ондаған азаматқа құрмет грамоталары табысталды.
Жансейіт Түймебаев, ҚХА төрағасының орынбасары:
- Тәуелсіздік күні – қазақстандықтардың ортақ мерекесі. Осы мерекеде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, сондай-ақ республикамыздағы 30% құрамын алып жатқан басқа этнос өкілдері ел экономикасын, мәдениетін, білім мен ғылымды дамытуға, ең бастысы бірлік, ынтымақты сақтауға өз үлестерін қосуда.
Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Біздің бірлігіміз жарасса, мемлекет тәуелсіздігінің тұрақтығына қабырғасының беріктігіне кәміл сенуге болады. Ассамблеяның жасап жатқан жұмысы ол ел басын біріктіру, ұлтаралық татулықты насихаттау, халқымыздың жарасымдылығын көрсету, жан-жаққа еліміздің бірлігін таныту болып табылады.