+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Хабар» арнасы жаңа маусымда «Алпыстан асып барамын» телехикаясын ұсынады

«Хабар» арнасы жаңа маусымда «Алпыстан асып барамын» телехикаясын ұсынады

Бұл – соңғы бір айдың ішінде арнамыз ұсынып отырған үшінші сериал.

Демек, «Хабар» сериалдар өндірісінде көш бастап тұр деуге болады. «Алпыстан асып барамын» туындысында қазақы салт-дәстүрдің қаймағы бұзылмаған ауылдың тұрмыс-тіршілігі суреттеліп, махаббат пен өкініш, мейірім мен ізгілікке құрылған жастардың өмірі баяндалады.

25 бөлімнен тұратын «Алпыстан асып барамын» телехикаясының жанры комедия болғанымен, мазмұны салмақты, мағынасы терең туынды. Қазақта, ағайын-туыстың арасында ғана емес, дүйім елге аталы сөзімен силы болған қариялар қашан да болған. Телехикаяда сол көпті көрген абыз ақсақалдар мен жаңа буын арасындағы сабақтастық керемет үйлесім тапқан.

Иісбек Әбілмәжінов, актер:

- Қазір ауылда шалдар көп, ақсақал жоқ. Ол – бір проблема. Сондықтан жастарымыз кейде төбелесіп жатады. Ақсақалы бар ауылда ондай бұзақылық болмайды. Осы сериал арқылы ой тастасақ деген жоспар бар.

Режиссер Шыңғыс Әбдібек түсірген бұл телехикаяға кино әлеміне енді келіп жатқан жастармен бірге тәжірибелі актерлер да түскен. Туындыда отбасылық оқиғалар, жанұядағы жылулық, әке мен бала, ене мен келін арасындағы қарым-қатынастың жарасымды тұрмысы суреттеледі.

Зәуре Көпжасарова, актриса:

- Маған қатты ұнағаны – ауыл ақсақалдарын үш би қылып қойғаны. Сол кісілердің шешімі арқылы ауыл өсіп, өніп көркейіп жатқаны білінеді. Сондықтан ақсақалдарымызды тыңдайық, жоғалтпайық дегім келеді.

«Алпыстан асып барамын» телехикаясы «Хабар» арнасының жаңа маусымында көрсетіле бастайды.

Авторы: Жандос Айтбайұлы

Сондай-ақ...

Серіктестердің жаңалықтары