Хабар телеарнасы

Жуырда «Хабар» арнасы көрерменінің назарына «Абай жолы» телехикаясы ұсынылады

«Абай жолы» романын жазған қазақтың көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы, романды жазып, оны жариялау кезіндегі қиыншылықтары да баяндалады. Жалпы Әуезов романды толық жазу үшін 20 жылдан астам уақыт ізденгенімен, мыңдаған адаммен кездесіп, әңгімелесіп, ақпарат жинаған. Телехикаяда екі ғасырдағы қоғам келбеті, қазақ халқының басынан өткен қилы кезеңдер көрсетіледі.

Мұрат Есжан, сценарист:

- Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының жазылу барысын суреттей отырып, сол арқылы Абайдың тұлғасын ашу әрі осы кітаптың бізге қалай жеткенін және кітаптың ғана емес, Абай мұраларының бізге қалай құртылмай, өзгертілмей, аман есен табысталғанын бір үлкен оқиғаға айналдыру туралы ой болған.