Хабар телеарнасы

Junior Eurovision 2021: Ұлттық іріктеу бойынша қазылар алқасының отырысы өтеді

Junior Eurovision 2021: Ұлттық іріктеу бойынша қазылар алқасының отырысы өтеді

Ұлттық іріктеу кезеңінде қазылар алқасының мүшелері jevision.khabar.kz сайтында интернет-дауыс беру кезеңіне өтетін өтінімдердің арасынан ең мықты 30 қатысушыны таңдайды. Интернет-дауыс беру қорытындысы негізінде 19 желтоқсан күні Парижде өтетін финалда Қазақстанның атынан шығу құқығы үшін жарысатын 10 финалистің есімдері анықталады.

Бірінші кезеңнің қорытындысы Ұлттық іріктеудің jevision.khabar.kz ресми сайтында жарияланады.

Өтетін орны мен уақыты: Қазмедиа орталығы (21 қабат), сағат 19:00-де.

Байланыс: +7 705 310 86 83 Алина, +7 701 947 6344 Камила

(БАҚ аккредитациясы бойынша ақпаратты 7 қазан сағат 14:00-ге дейін келесі нөмірлерге жолдауларыңызды сұраймыз).

Анықтама үшін:

19-шы халықаралық балалар байқауында Junior Eurovision Song Contest 19 ел: Албания, Армения, Әзірбайжан, Болгария, Франция, Грузия, Германия, Ирландия, Италия, Қазақстан, Мальта, Нидерланды, Солтүстік Македония, Польша, Португалия, Ресей, Сербия, Испания және Украина кездеседі.

Аталмыш байқауға Қазақстанның осымен төртінші мәрте қатысуы  - «Хабар»  Агенттігінің 2016 жылдан  бері  Еуропалық хабар тарату одағының (ЕВU) қауымдасқан мүшесі атануының арқасында мүмкін болып отыр.

Ұлттық іріктеу 4 кезеңнен  тұрады.        

Бірінші кезең – өтінімдерді қабылдау. Қатысушыларға сауалнаманы толтырып, өзі орындаған әннің бейнежазбасын Ұлттық іріктеудің  ресми сайтына  jevision.khabar.kz жүктеуі керек. Өтінімдер 6 қазанға дейін қабылданады.

Екінші кезең – бұл  халықаралық ән байқауларының жеңімпаздары мен танымал орындаушылардан  құралған әділ-қазы алқаларының шешімімен  ең мықты деген 30 қатысушыны  іріктеу кезеңі.

Үшінші кезең - jevision.khabar.kz сайтындағы онлайн дауыс беру сатысы. Бұл кезеңде қазақстандықтардың әрқайсысы өзіне ұнаған қатысушыға дауыстарын бере алады. Онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша Ұлттық іріктеудің 12 финалисі анықталатын болады. 

Төртінші кезең – Ұлттық іріктеудің финалы, бұл кезеңде  еліміздің ең танымал деген композиторларының қатысушыларға арнап жазған арнайы әнін орындау арқылы, 12 финалист әнді шебер орындау жағынан жарысқа түседі. Әділ-қазылар алқасының берген бағасы мен SMS дауыс беру нәтижесінде жеңімпаз  анықталатын болады. Ең көп ұпай жинаған финалист Парижде өтетін «Junior Eurovision Song Contest»  Халықаралық ән байқауында Қазақстан атынан сайысқа шығатын болады.

Байқаудың финалы 2021 жылдың 19 желтоқсан күні «Хабар» арнасының эфирінде трансляцияланады.