Хабар телеарнасы

«Хабар» Агенттігінің екі қызметкері және төрт жобасы «Тұмар 2022» сыйлығының шорт-парағына енді

«Хабар» Агенттігінің екі қызметкері және төрт жобасы «Тұмар 2022» сыйлығының шорт-парағына енді

Биыл «Тұмар 2022» ұлттық телевизиялық сыйлығына 10 номинация бойынша 300-ге жуық өтінім келіп түсті.

Өтінімдердің көбі «Үздік деректі фильм», «Үздік ақпараттық бағдарлама», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік тележурналист» және «Үздік тележүргізуші» номинациялары бойынша қабылданды. Ұлттық телевизиялық бәйгеге 2021 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыстырылды.

«Хабар» Агенттігінің төрт жобасы, сондай-ақ тележүргізуші Динара Сәду және Оңтүстік Кореядағы меншікті тілші Владислав Цой «Тұмар 2022» ұлттық телевизиялық сыйлығының шорт-парағына енді.

Марапаттау рәсімі қарсаңында қазылар алқасының мүшелері сыйлықтың шорт-парағына енген 40 үміткерді жариялады:  

 Үздік тележурналист

  • Оңғар Тоқанов – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы
  • Владислав Цой – «Хабар» телеарнасы
  • Мария Парфёнова – Бірінші канал «Евразия»
  • Ирина Алимжанова – «31 канал»

 Үздік тележүргізуші

  • Данара Жуманова – «Жетінші арна»
  • Армангүл Тоқтамұрат – «Astana TV» телеарнасы
  • Динара Саду – «Хабар 24» телеарнасы
  • Аскар Мендыбаев – «31 канал»

 Үздік режиссерлік жұмыс

  • «ӨҢІР: ЖЕТІСУ & ЭКОТУРИЗМ» – «Atameken Business» телеарнасы
  • «Тридцать» – Бірінші канал «Евразия»
  • «Жена» – «Qazaq TV» телеарнасы
  • «Скальная мечеть Султан-Эпе – архитектурное чудо Мангышлака» – «Мир» телеарнасы

 Үздік деректі фильм

  • «Қарасаз көшелері» – «Алматы» телеарнасы
  • «Подари детям жизнь» – «Хабар» телеарнасы
  • «Я здесь» – «Тұран ТВ» телеарнасы
  • «Каспийден кеткен қыпшақтар» – «ATYRAY» телеарнасы

Үздік әлеуметтік жоба

  • «Біздің назарда» – «Хабар» телеарнасы
  • «Әкім. Уәде мен Үде» – «Jambyl» телеарнасы
  • «Дау-дамайсыз» – «КТК» телеарнасы
  • «Бизнес с нуля» – «Atameken Business» телеарнасы

 Үздік ток-шоу

  • «Сана» – «Abai TV» телеарнасы
  • «Нәзік әлем» – «Turkistan» телеарнасы
  • «Время говорить» – «Atameken Business» телеарнасы
  • «Большая неделя» – «Хабар» телеарнасы

 Үздік ойын-сауық бағдарламасы

  • «Qazaqstan дауысы» – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы
  • «Almaty Bala Fest» – «Алматы» телеарнасы
  • «Ән әлемі» – «Хабар» телеарнасы
  • «Bailanys aiasynan tys jerde» – «Qazaq TV» телеарнасы

 Үздік телевизиялық сериал

  • «Bir toqsan» – «Gakku» телеарнасы
  • «Рауза: Сакураның гүлдеуі» – «Хабар» телеарнасы
  • «Қызыл жебе» – «Алматы» телеарнасы
  • «Ахмет. Ұлт ұстазы» – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы

 Үздік ақпараттық бағдарлама

  • «AQJAIYQ» ақпараттық бағдарламасы» – «AQJAIYQ» телеарнасы
  • «Грани» – Бірінші канал «Евразия»
  • «Түскі формат» – «Atameken Business» телеарнасы
  • «Saraptimes» – «Astana TV» телеарнасы

 Үздік аймақтық телеарна

  • «Алау-ТВ» – Қостанай қ.
  • «Turkistan» – Түркістан қ.
  • «SEMEI» – Семей қ.
  • «ERTIS» – Павлодар қ.

«Тұмар» ұлттық бәйгесінің марапаттау рәсімі 2022 жылы 28 маусымда Нұр-Сұлтан қ. «Қазмедиа орталығы» киноконцерт холлында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Тұмар» телевизиялық шеберлік саласындағы жоғары жетістіктері үшін ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлық жеңімпаздары қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы және «Тұмар» мүсіншесінің иегері болады.