Үндістандықтар 30 жыл ішінде алғаш рет Гималай тауларын көрді
Үндістандықтардың көпшілігі бұл көріністі өмірінде бірінші рет көріп отыр. Сондай-ақ олар аспаннан бұған дейін көрмеген көптеген жұлдыздарды тамашалауда.
Украиндық саяхатшы Артемий Суриннің айтуынша, бұл жағдай елдегі ауа ластануының төмендеуіне байланысты. Айта кетсек, 22 наурыздан бастап Үндістанда коронавирус пандемиясына байланысты қатаң карантин енгізілді.
Сарапшылардың айтуынша, карантин енгізілгелі ауаның ластану деңгейі едәуір азайған. Карантиннің екінші күнінің өзінде Делиде ауа ластануы 44% төмендеді. India Today Data Intelligence Unit мәліметтері бойынша, 16-27 наурыз аралығында елдегі ауа сапасы орта есеппен 33% жақсарған.