2020 жылдың соңына дейін шетелдік туристер Италияға бара алмайды
Туристік саладағы жұмыстар ішкі туризмде ғана атқарылмақ.
ИР мәдениет және туризм министрі Дарио Франческинидің айтуынша, шекараларды ашу туралы шешім коронавирус инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайға және әрбір жекелеген мемлекеттің саясатына байланысты қабылданады.
Бұл мемлекет ішкі туризмді дамытып, осыған байланысты табысы төмен отбасыларды қолдайтын болады. Субсидия бір отбасыға 500 еуроға дейін болады. Бұл қаржы ел ішіндегі жазғы демалысқа беріледі. Мамыр айында 8 наурыздан бастап жабылған Италияның музейлері мен көрікті жерлерін ашу көзделген.
Италияда COVID-19 қауіпті вирусының кесірінен 26 мыңнан астам адам көз жұмған. Ел осы көрсеткіш бойынша әлемде үшінші орында тұр.
Ақпарат көзі: Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы