Google пайдаланушылардың деректер тарихын автоматты түрде жоятын болды
Бұл туралы компанияның бас директоры Сундар Пичаи мәлімдеді.
1,5 жыл өткеннен кейін компания тұтынушыларының іздеу, геолокация және дауыстық жазбаларының тарихы өздігінен жойылады. Компания басшысының айтуынша, бұл функция пайдаланушылардың құпиялылық саясатын жетілдіруге бағытталған. Сонымен бірге бұл қызметті пайдаланушылар өшіре де алады немесе деректерді жүйеде сақтау мерзімін үш айға дейін қысқартуға да мүмкіндік бар. Алайда Google-ға тиесілі YouTube видеохостингінде ақпарат үш жыл бойы сақталады.