ДДСҰ: Әлемде әр үшінші әйел зорлық-зомбылықтан зардап шеккен
Осы екі аптадан астам мерзім ішінде қоғамдық бірлестік өкілдері көпшілікпен бірнеше кездесу өткізеді. Нәтижесінде қыз-келіншектерді теріс пиғылды әрекеттерден сақтап қалуды көздеп отыр. Ал мұндай жағдайға тап болғандарды заң аясында қорғап, оларға психологиялық көмек көрсету мақсат етілген.
Ләззат Рамазанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Әр аудандық деңгейде қазіргі таңда 47 отбасын қолдау орталықтары ашылды. Ол дағдарыс орталықтары емес, қазір өзінің көмегін жасап жатқан. Бұл расында да мынау психологиялық көмек, отбасыға әлеуметтік көмекті көрсету. Нақты қиналып отырған тұрмыстық қиын жағдайға түскен азаматтарымызға бір көзден көмек көрсетудің бір тәсілі.