Атамбаев Дубайға ұшып кетті
Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Біріккен Араб Әмірліктерінен кейін ол медициналық тексерістен өту үшін Испанияға аттанбақ. Атамбаев 2020 жылы 11 жылға сотталған еді. Оған «қылмыс әлемінің беделді өкілі Азиз Батукаевты темір тордан заңсыз босатуға қатысты» деген айып тағылды. Алайда бұл іс қайта қаралуға жіберіліп, сот үкімінің күші жойылған. Атамбаев Қырзғыстанды 2011-2017 жылдары басқарған.