СҚО-да су тасқыны қаупі жоғары
Солтүстік Қазақстан облысында көктемде су тасқыны болып, 87 ауылға қауіп төнуі ықтимал. Синоптиктердің айтуынша, биыл қардың қалыңдығы мен оның құрамындағы ылғалдың мөлшері шамадан тыс жоғары. Бір ғана Ғабит Мүсірепов ауданында 1,5 метрге дейін жауған. Оның үстіне қараша, желтоқсан айлары жаңбырлы болып, жердің беті қатып қалды. «Енді күн жылынса, еріген қар суы топыраққа сіңбей қалуы мүмкін»,— дейді мамандар. Қазір олар күніне екі рет Есіл өзеніндегі мұздың қалыңдығы мен судың деңгейін өлшейді. Қар қаңтар, ақпан, наурыз айларында да көп жауады деп болжанып отыр.
Қымбат Мерғалымова, «Қазгидромет» РМК СҚОФ директоры:
-Қысқы кезеңге арналған ауа–райы болжамына сәйкес күтілетін жауын–шашын мөлшері нормадан артық болады. Облыс бойынша топырақтың қатуы 121 см дейін жетті.