Хабар телеарнасы

Түркияның Хатай провинциясында тағы жер сілкінісі болды

Бұл жолы қуаты 5 балдық дүмпу ошағы 9 шақырым тереңдікте анықталған. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, зардап шеккендер жоқ. Соңғы мәлімет бойынша, Түркиядағы зілзаладан қаза тапқандар саны 43 мыңнан асты. Апатты аймақтардан 448 мың адам көшірілген. Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының өкілдері қираған ғимараттардың орнында 210 миллион тонна үйінді қалғанын мәлімдеді. Мамандар «оны жинау үшін ұзындығы мен ені 30 шақырым арнайы алқап керек», — дейді.