Тәжікстан президенті мемлекеттік сапармен келді
Елімізге Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мемлекеттік сапармен келді. Оны Астана әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алды. Екі ел басшылары ертең шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді. Олардың барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады деп жоспарланған.