Әлемде су тапшылығы процесі жүріп жатыр
Сарапшылардың сөзінше бұл тапшылық көп елдер арасындағы ынтымақтастыққа әсер ете бастаған. Сондықтан Қазақстан мәселені шешу үшін өңірлік су-энергетикалық консорциум құруды ұсынып отыр. Бұл суды ұтымды бөлуге арналады. Орталық Азияның қауіпсіздік мәселелері ынтымақтастық форумында талқыланды. Оған 25 елден 60-тан астам сарапшы келген. Олар климаттық өзгеріспен қатар саяси қақтығыстарды болдырмау, террористік әрекеттерге тоқауыл қою секілді тақырыптарды да басты назарға алды. Тиісінше Біріккен ұлттар ұйымының өкілі елдегі «Жусан» операциясын жоғары бағалап, басқа мемлекеттерге үлгі екенін айтты. Ал Үндістандық қонақ болса Азияда экономикалық өркендеу дәуірі басталғанын жеткізді.
Ашок Саджанхар, Нью-Делидегі Жаһандық зерттеулер институтының президенті:
-Бұл уақытқа дейін экономикалық көбіне өсім батыс елдерінде болды. Енді Азия елдерінде экономикалық өркендеу жүреді. Себебі әлемнің жетекші мемлекеттері осында орналасқан. Бұл жерде мәселе Азиядағы елдердің осы мүмкіндікті қаншалықты пайдалана алуында. Бұл ретте Қазақстан маңызды рөл атқарады. Сіздердің елдеріңіздің маңызды орталықта орналасуы, жалпы ішкі өнімнің тұрақты өсуі сияқты факторларын ұтымды қолдануға болады.
Еркін Тұқымов, ҚСЗИ директоры:
-Әлем халқының 60% жуығы Азияда тұрады. Біз Азияның бір бөлігі ретінде бірінші форумды Азия күн тәртібіне арнадық. Себебі қазіргі кезде Азия әлемнің экономикалық және саяси орталығына айналып келеді.