Өміртай Бітімов: Ауған елінде арнайы сауда терминалы керек
Қазақстан өнімдерінің ауған нарығына кеңінен шығуы үшін ауған елінде арнайы сауда терминалы керек. Ауғанстанда елші болған Өміртай Бітімов осындай пікір білдіруде. Себебі ол келешекте Ауғанстан ғана емес, Пәкістан мен Үндістанға да шығуға мүмкіндік ашады.
Өміртай Бітімов, Қазақстан-Ауған бірлестігі даму және серіктестік «Afgqaz» төрағасы:
-Сол жерде өзіміз бір терминал ашуымыз керек. Тура өзіміздің өнімдерімізді Ауғанстанға жеткізіп, сол жерде сатуымыз керек. Біздің бидай мен ұн жалғыз Ауған ғана емес, ар жағында жатқан 240 млндық Пәкістан бар. Ауғандар бізге транзитке кішкене жеңілдік берсе, онда біз Пәкістанға дейін жеткіземіз. Ол жерге біздің түгел өндірген тауарларымыз кетеді.