Хабар телеарнасы

Таяу Шығыстағы ахуал қандай?

Израиль қарулы күштері мен Хамас жасағы арасында әскери қимыл бесінші күн бойы жалғасып келеді. Бүгін палестиндік жасақшылар Израильдегі Ашкелон мен Ашдод қалаларын зымырандармен атқылады. Ал Израиль әскерінің өкілдері соңғы бір тәулікте Газа секторындағы нысандарға әуеден 450 соққы жасағанын хабарлады. Қос тарап өз шығыны туралы ақпаратты жаңартты. Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, 1055 адам қаза тауып, бес мың екі жүздейі жараланған. Израиль әскерінің мәліметінше, жасақшылардың шабуылынан 1200 адам мерт болып, екі мың сегіз жүзі жарақат алды.