Абай облысында тағы бір тұрғын жоғалып кетті
2001 жылы туған ер адам Үржар ауданы аумағындағы Ай өзеніне ағып кеткен. Қазір құтқарушылар іздестіріп жатыр. Ал Аягөз ауданында суға кеткен үш тұрғын әлі табылған жоқ. Аймақта қарғын сумен күрес жалғасып жатыр. Кеше Көкпекті ауданының Көкжайық ауылындағы 15 ауланы су алып, 106 адам көшірілген. Бүгін барлығы үйіне оралды. Өңірде тасқын қаупі әлі сейілмей тұр. Өңірге Алматы және Жетісу облыстарының құтқарушылары жәрдемдесуге барды.
Азамат Орымбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
-Қазіргі таңда 14 адам, 3 бірлік техника Көкпектіде жұмыс жасауда. Қалған құтқарушы жасақтар ол іздестіру жұмысына тартылды. Төрт қайық, үш бірлік техникасы бар және де 12 адам ол жерде Аягөзде де көмек жасап жатыр. Абай облысының Полиция департаментіне қарасты екі кинологиялық расчетті қолданып жатыр.