Хабар телеарнасы

«WorldSkills Lyon 2024» халықаралық чемпионатында ел намысын қорғайтын үміткерлер анықталды

Францияда өтетін «WorldSkills Lyon 2024» халықаралық чемпионатында ел намысын қорғайтын үміткерлер анықталды. Әлемдік додада ел намысын қорғайтын жастар алдымен аймақтық және республикалық іріктеуден өткен. Жарыста еліміздің түкпір-түкпірінен 545 маман бақ сынады. Олар - колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ кәсіпорындардың жас қызметкерлері. Талап бойынша үміткерлер кірпіш қалау, IT-бизнес, қонақ үй қызметі сынды кәсіби салаларда дәлелдеуі тиіс. Чемпионат 2 жылда бір рет өтеді. Қазір халықаралық байқауға баратындарды қосымша іріктеу жоспарланып отыр. Қыркүйек айында Қазақстан ұлттық құрамасы WorldSkills Europe чемпионаты тарихында үздік нәтиже көрсетті. 

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
-Бүгінгі іс-шараның өзі - жалпы еңбек адамына құрмет және оның бағасын көрсету. Өздеріңіз көріп отырғандай біздің мамандарымыз тек облыстық немесе республикалық бәйгелермен шектелмейді. Жастарымыз келесі жылы Франция елінде өтетін әлемдік додаға қатысуға үлкен дайындық үстінде.