Қытайда балалар жаппай ауырып жатыр
Қытайда жаппай инфекциялық жұқпалы ауру тарап жатыр. Әсіресе мектеп жасындағы балалар арасында дендеп тұр. Қазір барлық ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Науқастар дене қызуының көтерілуі, жөтел, жүрек айну, құсу, іш ауруына шағымдануда. Індетті қанша адам жұқтырғандығы туралы ресми ақпар жоқ. Жергілікті билік педиаторлық-амбулаторлық көмекке сұраныстың жоғары екендігін тек бір айдан астам уақыттан кейін ғана жариялап отыр. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Қытай билігіне 24 сағат ішінде толық ақпар беру туралы талап қойды. Алайда Қытай тарапы вирустың жаңа штаммы табылмағанын айтып, жағдай толық бақылауда деп мәлімдеді.