Қазақстан іргелес көрші елдермен транзит ауқымын кеңейтіп жатыр
Биылғы 10 айда біздің ел аумағы арқылы 250 миллион тонна жүк тасымалданды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3% жоғары. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 300 миллион тоннаға жетеді деп күтілуде. Экспорттық тасымалда да өсім бар. 84 млн тоннаға жетіпті. Теміржол арқылы солтүстік бағытта шығу соңғы кезде қиындағаны белгілі. Дегенмен тасымал тоқтаған жоқ. Балама бағыттар іске қосылды.
Ержан Жолдасов, Қазақстан көлікшілер одағының Теңіз және өзен көліктері жөніндегі атқарушы директор:
- Қазір Ресей арқылы өту Қиын болып қалды. Сондықтан қазір негізінен олар оңтүстік арқылы өтіп жатыр. Сарыағаш арқылы және Болашақ деген бар. Біреуі Түрікменстан арқылы, біреуі Өзбекстан арқылы.