Хабар телеарнасы

Мәскеуліктер «Қыз Жібекті» қазақ тілінде тамашалады

Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері Мәскеуде «ГИТИС – шеберлік сыныбы» атты ТМД елдерінің жетінші театр фестиваліне қатысты. Біздің жастар «Қыз Жібек» қойылымын ұсынды. Фестиваль Әзербайжан, Армения, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның жеті бірдей театр мектебін бір сахнаға жинады.

Театр фестивалі аясында студенттік қойылымдар,  дөңгелек үстелдер және ГИТИС оқытушыларының шеберлік сабақтары өтті. Ұстаздар актер мен режиссерді оқытудың жаңа әдістері туралы пікірлерімен бөлісті. 

Асан Мәжіт, Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстазы: 

- Көрерменге барлығы түсінікті болады деп ойлаймын. Өйткені бұл оперетта болғаннан кейін ән айтылады. Қойылымда болатын оқиға кез келген көрерменге түсінікті болады деп ойлаймын.