Түркияда мемлекеттік төңкеріс қайталануы мүмкін
Бұл туралы республикалық коалицияға мүше ұлтшылдар қозғалысы партиясының жетекшісі Девлет Бахчели ескертті. Ізінше Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған елдің барлау қызметі және Әділет министрлігінің басшыларымен шұғыл отырыс өткізгені туралы хабар тарады. Бір күн бұрын Анкара Бас прокуратурасы қылмыстық ұйымға қатысы бар деген күдікпен үш полицейге қатысты тергеуді бастаған. Күдіктілердің үйлеріне тінту жүргізілді. Түркия Ішкі істер министрлігі қастандыққа қатысы бар дегендердің қатаң жазаланатынын мәлім етті.