Ыстамбұлда Бүкіләлемдік этноспорт мәдени фестивалі басталды
Халықаралық шараға әлемнің 30 елінен мыңға жуық спортшы қатысып отыр. Біздің де рухты палуандарымыз бен білекті ұлдарымыз сонда.
Аударыспақ – бұл ептілікті, икемділікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты, ат құлағында ойнауды талап ететін көне түркінің спорттық ойыны. Өкінішке қарай Түркияда ұмыт болған. Бүгін міне Ыстамбұлдағы іс-шарада ортақ мұран қайта жаңғырды. Қазақтың қос палуаны Біржан Қосалиев пен Сырым Ізбасаров аударыспақ спортының қыр-сырын Анадолыдағы жұртшылыққа паш етті.
Дерда Шаналмыш, Ыстамбұл қаласының тұрғыны:
-Қарапайым күрес түрін білеміз. Оның өзі оңай емес. Жаңа ғана ат үстінде қазақ жігіттері күресті. Аударыспақ дейді. Жігіттер мықты. Таңқалмасқа болмайды. Төл көне спортымыздың, ата-бабаларымыздың ойыны екенін білгенде құрметпен бас идік. Балуандарға алғыс айтамыз. Білектері әрқашан мықты болсын!
Мехтеран тобы – Османлы кезеңінде құрылған үрмелі және соқпалы музыкалық аспапты орындаушы әскерилер. Соғыста сарбаздардың марш ырғағын анықтау, жауынгерлерді шайқасқа шақыруға үндейді. Бейбітшілік кезінде уақытты хабарлау, мемлекеттік рәсімдер мен ойын-сауық сияқты әртүрлі қызметтерді атқарады. Олар бүгінгі шараның да сәнін келтіріп отыр.
Али Айдын, Махмұд Қашқарды сомдаушы:
- Мәдениет дегенде ортақ әлімдерімізді ұмытпау, оларды болашақ ұрпаққа үгіттеу маңызды. Біз де балаларға ғалымдар мен тарихи тұлғалардың өмірі мен еңбектерін таныстырып жатырмыз. Түрлі ойындар ойнап, Ахмет Яссауи, Білге Қаған, Қашқар секілді марапаттарды беріп жатырмыз.
Қаракөз қазақтарымыз да ұлттық мәдениетін таныстыру үшән арнайы киіз үй құрыпты. Бұл Ыстамбұлдағы Алтай қазақ қауымдастығы жастары. Ұлттық киіміз бен тағамдарымызды төрт күн бойы осында таныстырмақ.
Жалпы келушілердің назарын ең көп не аударып отыр?
Фестиваль төрт күнге созылады. Айта кеткен жөн, алтыншы этноспорт мәдени фестиваліне шамамен 1 млн астан адам келеді деп көзделген.